Weekend
Таң сәрі –Шолпан жұлдызының туған мезгілі болса, біздің Шолпан жұлдызымыз таң сәрісінде ағып түсті...
29 желтоқсан күні жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болған Шолпан Елгезекова жайлы не білеміз?
Елгезекова Шолпан Рахымжанқызы12 наурыз күні 1973 жылы, Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Театр және кино актрисасы.
Шолпан Рахымжанқызы 1989 жылы №45 мектебін бітірген.1995 жылы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсіп, 2000 жылы тәмамдаған. 2001 – 2004 жылдар аралығында С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында қызмет атқарған. Кейін 2005– 2014 жылдары Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында абыройлы қызмет атқарған. 2014 жылы "Ра-Да" атты қуыршақ театрын құрып, өзі жетекшілік етті.
Кино саласына кейінгі үш жылдықта ғана келседе, көрермен көзайымы болып үлгерген Шолпан Рахымжанқызы бірнеше киноларда басты рөлдерді сомдап, өзінің нағыз актриса екенін дәлелдеп кетті.Оның фильмографиясында "Шабдалы", "Анашым, мені қалдырма", "Айман & Шолпан", «Жүрек сыры», «Жараланған жүректер» т.б. фильмдер мен сериалдар бар.
Қай жер, қай уақыт, кім болса да көмек қолын созуға, ақыл-кеңесінберуден аянбайтын, ашық – жарқын жан болған. Таң сәрі –Шолпан жұлдызының туған мезгілі болса, біздің Шолпан жұлдызымыз таң сәрісінде ағып түсті...Артында Аяулым есімді бір қызы қалды.