Hi-Tech
Коронавирусқа қарсы маска
Қазіргі заманда үздік компаниялардың қатарында дамып келе жатқан қытайлық Xiaomi Tech жаңа технология шығаратын компания маска жасаудың тамаша идеясын ұсынды. Ол сізді тек лас ауадан ғана емес,сонымен қатар қауіпті инфекциялардан,бактерияларданқорғайды.
Коронавирус(2019-nCoV)- әлем және қытайлық компаниялар үшін өте күрделі инфекциялық індет болып отыр. Аталған компания тек смартфондар шығарумен айналысса да,қауіпті аурумен күресуге өте белсенді түрде қатысуда.
Xiaomi маскаларды қытайлық азаматтар үшін жасайды. Бұл маскалардың өтімділігі сонша әрбір шығарылған бетперде көзді ашып жұмғанша сатылып кетеді. Және осы нәрсе компания қызметкерлерін одан да ақылды маска шығаруга мотивация береді.
АҚШ патенттік кеңесі (USPTO) компания идеясын жаңа «ақылды маска» үшін тіркеуді ұсынды,ол сіздің өкпеңізге кіретін ластаушы заттардың мөлшерін анықтайды және басқа да көптеген пайдалы қасиеттерге ие болады.
Маскалардың сыртында Xiaomi жиналған деректерді өңдеу үшін процессорға қосылатын сенсорларды орнатады. Олар масканың ішкі жадына немесе қосымшаларға өтеді, өйткені гаджет телефонға біріктіріледі.
Маскақандай деректер жинайды? Әрине, ол коронавирустың бар-жоғын анықтамайды және қызыл түспейді, бірақ ол ластану мөлшері туралы ақпаратты жинайды, тыныс алуды және олардың жиілігін есептейді, сонымен қатар тозу уақытын өлшейді.
Маска оның орналасқан жерін дәл анықтау үшін акселерометрлермен және гироскоптармен, сондай-ақ стандартты қорғаныс ауа сүзгісімен жабдықталған аккумулятормен жабдықталады.