Саясат
Біләш кім
Қытай Халық Республикасында дүниеге келіп, кейіннен Қазақстанға келіп азаматтық алған Серікжан Біләш ел ішінде Қытайдағы қысым көріп отырған қазақтарға жанашыр, Қытай саясатына қарсы ұйым құрған белсенді ретінде танылған.
Серікжан Біләш қазіргі күні қазақ үшін жан беретін адам болып көрінгенімен, сол Қытайдағы қазақтың басына түскен бар ауыртпалықты өз қолымен жасаған, қазақтың түрмеге түсуіне себеп болған адам. Сол Серікжан Біләшті қолдап жүрген топтың көпшілігі сол адамның кешегі күнінен еш хабары жоқ. Қазақстанға келіп алып, Қытайдағы қазақтардың жағдайын айтып, шырылдап жүргеніне қарап, "қазақтың шын жанашыры осы" деп таныған халық, оған қарсы шыққан, оны сынаған адамның барлығын жау көріп, қарсы шыққандарды таптап тастауға дайын екендігін білдіруде.
Ол Ютуб, Фэйсбук желілеріндегі парақшаларына әр түрлі тақырыпта видеолар түсіріп салып тұрады. Оның соңғы уақыттарда қазір әлемге таралып жатқан коронавирус жайлы салған материалдары бар.
Серікжан Біләштің ойынша, бұл індетті Қытай әлем жаулап алу мақсатында, АҚШ-қа қарсы шығу үшін жасаған әрекеттерінің бірі дейді. Оны дәлеледеу үшін Қытайдан Еуропа елдеріне көмек ретінде жіберілген арнайы вирусты анықтайтын тесттердің жартысынан көбінің ақаулы болғанын мысал ретінде келтіріп айтады.
Қытай коронавирусты Қазақстанда ойлап тапты деген ақпарат айтты. Онсыз да ауыр жағдайда отырған халыққа мұндай ақпарат тарату ақпараттық қауіпсіздікке жатпайды деп ойлаймын. Оның Қытайдың әлеуметтік желілеріне жариялаған материалдарды айтып,талдауы дұрыс емес. Себебі ол ақпараттардың шын не өтірік екендігі дәлелденбеген. Сондықтан Серікжан Біләштің мұндай арандатушылық іс-әрекеттеріне тосқауыл қою керек.
Қазіргі жағдайда халық әлеуметтік желілердегі ақпараттардың барлығына сене береді. Себебі басқа қарайтын сенімді ақпарат көздері жоқ. Оның алдын-алу үшін мұндай дау тудыратын ақпараттарды белгілі бір уақыт аралығында тоқтата тұру керек. Еліміздің тыныштығы қазіргі таңда біз үшін өте маңызды.