Hi-Tech
Қазақстанда қаншалықты танымал?
Мобилография - сапалы фотосуреттерді арнайы аппараттың көмегінсіз, ұялы телефонға түсіру өнері. Мобилография терминінің авторы ресейлік суретші Дмитрий Резван.
Бұл өнердің негізгі ерекшелігі:суретті қандай құрылғымен түсіргенің емес, қалай және кім түсіргені маңызды. 21 ғасыр басында «мобилография» сөзі кең етек ала бастады, ал қазір, Қазақстанда жастардың арасындағы көп талқыға түсетін тақырыптардың бірі. Себебі, әлеуметтік желілерді қолданушы жастар өздерінің профильдері жағымды әсер қалдыру үшін фотосуреттер түсіріп, өңдеуді үйренуде.
2004 жылы «Бүкіләлемдік мобилографтар қоғамдастығы» құрылды. Оның негізгі мақсаты:әлемге мобилография кеңінен тарату болды. Көздің жауын алатындай кадрларды түсіріп үлгеру, оған ерекше өң беру кез келген адамның қолынан келмейді. Бір қызығы, алғашқыда мобилографтың жұмысы мүлдем бағаланбаған. Уақыт өте келе арнайы курстар ашылып, ондағы білікті ұстаздар мамандарды дайындай бастады.
Мобилографияны меңгеру арқылы қалай табыс табуға болады? Бұл сала ең алдымен кәсіпкерлерге, маркетологтарға, SMM мамандарына ауадай қажет. Біріншіден сапалы фотоларды түсіру үшін арнайы мамандч жалдауды қажет етпейді(шығынды азайтады), екіншіден адамға өз қиялындағы дүниені ойынан шығатындай етіп жасауына жол ашады. Бүгінгі таңда барлық бизнес, ұйымдар, орталықтар өз жұмысын түрлі әлеуметтік желілер арқылы жасауда. Демек сапалы фото контенттер жасап, барынша көп тұтынушы/сатып алушы назарын аударып, қызықтыру үшін мобилография таптырмас дүние.Қазақстанда да әлемдік ірі брендтермен жұмыс жасап жүрген немесе өз аудиториясына ерекше кадрлар жасаудың сырымен бөлісіп жүрген мобилографтар бар. Солардың бірі ең танымал фото/видеограф Қыран Талапбек(қазіргі таңда «Мобилография» курсын 3000-ға жуық адам сатып алып, оқыған) «Lexus», «Toyota», «LG» брендтерінің жарнамасын ұялы телефонға түсірумен айналысады. Демек, бұл саламен үздіксіз айналысып, дамып отырса, биік шыңдарды бағындыруға болады.
Мобилографияны кез келген адам меңгере алады. Тек көп тәжірибе мен шыдам қажет. Түсірген фото мен видеода мағына болуы, ұялшақтықты жеңу, идеяны дамыту, ерекше болуға тырысу-өзін-өзі жеңіп, соңына дейін баратын адамдардың ғана қолынан келеді. Түсірген дүниеңді көркемдеп өңдеу үшін меңгеру қажет бағдарламалар саны да өте көп. Саяхаттағанда да, маңызды іс-шараға қатысқанда да, күнделікті жұмыс күнінде де бұл саланы білу артық етпейді. Тез және талғаммен суретке түсіруді мобилографтардан үйрену қажет.