Денсаулық
Дұрыс тамақтану деген не?
Артық салмақтан арылу үшін қыз-келіншектер ашығып, диетаға отырып, өз ағзаларын қинап жатады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адамдарға "диета" деген сөздің өзі қорқыныш сыйлайды екен.
Әрі диета кезінде өзіне қажетті дәрумендерді ала алмаған ағза, әрбір жеген тағамды қор ретінде сақтап, майға айналдырып отырады екен. Диета ұстаған адамнык миы диетадан кейін барлық тамаққа бас салып, өзінің тойғанын білмей, жоғалтқан салмағы 2-3 есе болып оралып жатады. Мамандардың айтуынша, арықтаудың ең тиімді, денсаулыққа пайдалы тәсілі-дұрыс тамақтану және спортпен айналысу. Ендеше дұрыс тамақтану кезіндегі пайдалы кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз:
1. Ең алдымен салмақ тастау үшін, әр тағам ішетіннен 20 минут алдын су ішу қажет.
2. Адам күнделікті салмағының әр 1 килограммына 30 мл су ішуге міндетті.
3. Егер дұрыс тамақтануды бастаған адам тәттілерге құмар болса, шоколад сияқты тәттілерден мүлдем бастартуға болмайды. Таңғы ас ішкен кезде 10-15 граммнан жеп отыруға рұқсат. Ал егер бас тартуға бел буса, шоколадты кептірілген жемістермен, әсіресе, кептірілген құрмамен алмастырған жөн.
4. Банан, алма сияқты жемістер көмірсудан тұратындықтан, түске дейін жеген дұрыс. Тамақтан кейін жемістер жеуге болмайды, себебі, оның қорытылуы қиынға соғады.
5. Адам бойына ақуыз, көмірсу және майлар жеткілікті мөлшерде келіп отырған кезде ғана ағза өзіне жеткілікті қоректер алып отырады. Арнайы формула арқылы әр адам қажетті каллолияларды есептей алады.
6. Таңертең аш қарынға ішетін су жылы болуы тиіс. Сонда ағзадағы түні бойы жиналған қалдықтардың сыртқа шығуы оңай болады.
7. Егер қан қысымыңыз нормадан төмен болмаса, суға лимон қосып ішсеңіз, бел және қарын айналасындағы майлар тез кететін болады.
8. Арықтау кезінде әйел адамдарда шаш түсу, тырнақ түптерінің әлсіреуі сияқты мәселелерге тап болмау үшін, рационда балық, түрлі сүт өнімдері-ірімшік, сүзбе,дәнектер, авокадо, жұмыртқаны сарысымен бірге жеп жүру қажет.
9. Таңғы ас міндетті түрде ішілуі тиіс-өйткені, ағзаға күні бойына қажет энергияны, дәрумендерді және қоректі заттар таңғы асқа жеген тағам береді. Таңғы асқа бал, кептірілген жемістер, жұмыртқа, сұлы ботқасын жеу-сол үшін де өте пайдалы болып келеді.
10. Біз ақуызды-сүзбеден, сиыр етінен, балық етінен, қарақұмық, жұмыртқа, айраннан, йогурттардан, дәндерден көп мөлшерде ала аламыз.
11. Дүкен сөрелеріндегі йогурттардың бәрі де арықтау кезінде жеуге келе бермейді. Тек түрлі қоспаларсыз, қантсыз, жемістерсіз жасалған йоуртты жеу қажет. Әрі олардың жарамдылық мерзімі барынша аз уақытқа болғаны дұрыс. Сонда ғана ондағы пайдалы дәрумендер сақталады деген сөз.
12. Қанттан мүлде бас тарту қажет. Шайды қантсыз ішіп, газдалған сусындардан, салқын шайлардың бәрінен біржола бас тартқаныңыз дұрыс. Ондағы қант мөлшері-болашақта қант диабетін туындататындай көп мөлшерде болып келеді.
13. Тамақ ішіп жатқан кезде шай, кофемен бірге жеуге мүлдем болмайды. Бұл кезде асқазаннан арнайы сөл бөлініп, ол сұйықтық сіздің асқорытуыңызды баяулатып, арықтау процесінің жүруіне кедергі келтіреді.
14. Салмақ тастау кезіндегі басты мақсат-асқазанның көлемін кішірейтіп, аз-аздан күніне 5-6 рет тамақтану. Сонда ғана оң нәтижеге жетуге болады.
Бұл кеңестер кәдеңізге жарап, сымбатыңызды сұлуландыруға септігін тигізеді. Тек барлығын бұлжытпай орындаған жағдайда ғана, сіз қазіргіден де сұлулана түсетін боласыз!