Hi-Tech

Роботтардың хирургия саласындағы ерлігі

Роботохирургиядағы роботтардың алғашқы операциясы қалай өтті? Роботохирургиядағы роботтардың алғашқы операциясы қалай өтті? Роботохирургиядағы роботтардың алғашқы операциясы қалай өтті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі таңда роботтарды кез келген салада кеңінен пайдаланатын өнертапқыштардың саны көбейді. Адам санасы елестете алмайтын дүниелерді ұзақ еңбек етудің нәтижесінде жасап шығаруда. 

Мәселен, медицина саласында әртүрлі хирургиялық процедуралар жиі қолданылады. Соңғы кездері дәрігерлер өз қолдарымен жасап жүрген оталарды роботтарға сеніп тапсыруды әдетке айналдырып жатыр. Бірақ осы күнге дейін мидың тамырларына операция жасау процесіне темірден құрастырылған ақылдыларды әлі қолданып,тәжірибеден өткізбеді. Жағдайды Science Daily әңгімелейтін Торонт университетінің мамандары өзгертті.

Команда робохирургия жетістіктерін сәтті пайдаланып, 64 жастағы пациенттің бас сүйек ішіндегі аневризмасына операция жасады. Барлық манипуляциялар, оның ішінде стент пен бекіткіш микроспиральдар роботталған қолдың көмегімен орындалды. Зерттеушілер барлық құрылғыларды ми тамырларында жұмыс істеу үшін жақсы болатындай етіп баптады.

Аневризманы тұрақтандыру жөніндегі алғашқы операциядан кейін ғалымдар тағы да дәл осындай бес ұқсас шара өткізді. Олардың айтуынша, робохирургияны қолдану операция жүргізудің дәлдігін,нақтылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Роботтар қатысатын процестерді дамыту мүмкіндігінше жылдам реакцияны талап ететін ми тамырларының хирургиясы үшін аса маңызды. Болашақта дәрігерлер робохирургтарды алыстан басқара алады, бұл уақытты үнемдеуге және бірінші қажеттілік кезінде операцияны бастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, операцияларға кез  келген қашықтағы өңірлердің тұрғындары қол жеткізе алады.

Айта кетерлік жайт, роботтандырылған технологиялар кейбір хирургияға қатысы бар жағдайларда үлкен пайдасын тигізіп жатыр. Бұл деректерге Da Vinci американдық жүйесі және британдық Versius мысал бола алады. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері мен медбикелерге күнделікті негізде көмектесетін роботтар ауадай қажет.

Жуырда Нидерландыда жасалған зерттеу нәтижесінде робот-хирург Musa жұқа қан тамырлары мен лимфа тамырларына сәтті операция жасайтынын растады. Роботтарды медицина саласында пайдалану адам өмірімен ойнау дегенді білдірмейді. Қанша жыл, яки ғасыр өтсе де олар үнемі бақылауда болары сөзсіз.