Hi-Tech
Фотомонтаж
Белгілі бір ақпаратты беруде жұртшылық назарын аудару үшін, ең алдымен суреттің сапалы болғаны маңызды. Әрине, қазіргі уақытта халықтың смартфоннан сапалы түсірілген түпнұсқа суретке ұсынысы жоғары.
Бірақ арнайы жарнама жасауда немесе белгілі бір суретті жаңашалап көрсету үшін фотомонтаж жасайтын бағдарламалардың маңызы зор
Қазіргі уақытта программисттер халық сұранысын қанағаттандыру үшін әртүрлі бағдарламалар жасап, бәсекелестікке түсіп жатыр. Бірақ, бағадарламалар қанша өз артықшылықтарымен танылып жатса да Adobe Photoshop бағдарламасы жаңадан пайда болған күннен-ақ бастапқы танымалдылығынан түскен емес.
Adobe Photoshop – әлемдік деңгейде рейтинг бойынша көш бастап тұрған бағдарлама. Бағадарламадағы функциялар кәсіпқой және әуесқой фотографтардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады. Фотошопта палитралар, текстуралар мен арнайы эффектілер ұсынылған. 51 құралдан тұратын бағдарлаиада жоғары сапалы суреттерді өңдеуге 100% кепілдік берілген.
Бағдарламады мынадай дүниелерді жасауға мүмкіндік берілген:
· Эксклюзивті мазмұнды құру және редакциялау;
· Қызыл көздер мен фондағы артық, қажетсіз кескіндердің көзін жою;
· Графикалық композициялар қолдану;
· Мәтіндік ақпарат қосу;
· Автоматты түрде түзету функциясы;
· Мазмұнды басып шығару;
· Сурет файлдарын кез-келген форматта сақтау.
Бағадрлама функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар жұмыс компьютерде тінтуір мен пернетақтаны пайдалану, менюдағы қосымшалар бойынша іске асады.