Саясат

Арқанкердегі 15 адамның өлімі: Жоғарғы сот Челахтың ісін қайта қарайды

14 шекарашы мен бір қорықшының қазасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Жоғарғы соты «Арқанкерген» шекара бекетінде бірнеше адамды өлтірген Владислав Челахтың ісін қайта қарайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Владислав Челах БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң Жоғарғы сотқа өтініш түсірді.  

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы оның ісін 2019 жылы 22 қаңтарында қарайды.

Ведомство мәліметінше, сотталушы сот отырысына қатыспауы мүмкін. Алайда ол видеобайланыс арқылы шыға алады. Бірақ бұл мәселені сот шешеді.

Еске салайық, сот шекарашы Владислав Челахты өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Ол 2012 жылдың мамыр айында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталды. Апелляциялық және кассациялық сот алқасы оның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр.