Қоғам

Ұлттық Университет қашықтықтан емтихан қабылдай ала ма?

ҚазҰУ-дың студенттері сессияны онлайн түрде тапсырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚазҰУ-дың студенттері сессияны онлайн түрде тапсырады.

Жаһанды дүрліктірген covid-19 бізді де айналып өтпеді. Қытайдан бастау алған індет әлемдік пандемияға айналып. Адамдардың онлайн өмірге тезірек аяқ басуына әкеліп соқтырды. Осы онлайн платформасына отандық ЖОО қаншалықты деңгейде дайын. Алдыңғы қатарлы көшбасшы университтердің нағыз сыни сағаттары туан секілді.

Еліміздің ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірі, Халықаралық аренада өзіндік орны бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университеті. Сессияны онлайн форматында өткізетін болды.

24 сәуірде ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Хикметов Асқар Құсыпбекұлы емтихандардың қалай өтетіні жайлы студенттермен онлайн кездесу өткізді.

Кездесуде сессияның уақыты мамыр айының он бірі басталып маусым айының он үші аяқталатыны алғашқы екі аптада 1 курс студенттерімен магистранттардың тапсыратыны белгілі болды.

Студенттер емтиханды қашықтықтан тапсырады. Дистанциялық тапсыруға техникалық мүмкіндігі болмаса, не ауырып қалған жағдайда сынақты кейінге ауыстыра алады. Ол білім алушының грантына ешқандай да әсерін тигізбейді.

Сонымен қатар проректор бейіндік емес пәндер бойынша бағаны ағымдағы бағаларының негізінде қойылатынын. Бірақ бейіндік пәндерді комисия мүшелері қарап таңдайтынын айтты.

Студенттер сессияны тест түрінде, ауызша, не болмаса жазбаша нұсқада тапсыруы мүмкін оны әр сабақтың оқытушысы өзі таңдайды. Ақылы бөлімде оқитындар оқу ақысының мерзімін ұзартуға мүмкіндігі бар. Бұл мәселе бойынша деканына хабарласып біле алады.

Ал бітіруші түлектер карантиндік шектеулер алынбаса, онда дипломдық жұмыстарын онлайн режимде қорғайды. Ал кешенді емтиханға келетін болсақ. Мұнда да экзамендер қашықтықтан өтуі, жиынтық бағаның бірден қойылуы және жазға немесе күзге ауыстырылуы мүмкін.

Айта кетейік ҚР білім және ғылым министірлігі емтихандарды тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша мынадай нұсқаларды ұсынған болатын.

1. Емтиханды қашықтан тапсыру форматы;

2. Пән бойынша бағаны ағымдағы бағаларының негізінде қою;

3. «I» (Incomplete) бағасын қою арқылы емтихан тапсыру мерзімін шегеру. Бұл студенттерге емтиханды кейін тапсыруға мүмкіндік береді.