Саясат

Мұхтар Тайжан мен Марғұлан Сейсембай арасындағы дау: Кімге сенеміз?

Марғұлан Сейсембай Мұхтар Тайжанның әрекеттерін әшкереледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

20 сәуір күні Марғұлан Сейсембай фейсбуктегі парақшасында үйін 30-40 шақты адамның торуылдап жүргенін жазған болатын.

Оқиға желісі бойынша қазіргі кезде Алель Агро АҚ-ға қатысты субсидиялар алу кезінде алаяқтық пен қаржы жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ал Марғұлан Сейсембайдың әйелі Сәуле Алель Агро АҚ-ң 21,78% акциясын бақылауда ұстайды.

Кәсіпкер Алель Агроның айып тағылатындай инвестициялық субсидиялар алмағанын айтты. Сонымен қатар өзінің де ешқандай қылмыс жасамағанын тілге тиек етті.

«Бір де бір бизнесте мен ешнәрсеге қол қойып, болмаса басшылық етпедім. Қазір олар Алель Агроға қатысты субсидиялар алу кезінде алаяқтық пен қаржы жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғап отыр. Алель Агро айып тағылатындай инвестициялық субсидиялар алған емес. Менің бұл субсидиялардың үлестірілуі, не алынуына ешқандай қатысым болмаған, қазір де еш қатысым жоқ. Сондықтан бұл нағыз саяси іс, олар мені қамап тастамақшы немесе ауызымды жаптырғысы келіп отыр», - дейді Марғұлан Сейсембай.

Халыққа қазіргі жағдайын пост арқылы жеткізіп жүрген Марғұланға Мұхтар Тайжанның қарсы пікірі жетті. Ол фейсбуктегі парақшасында «Бұрынғы бизнес алаяқтар бүгінгі таңда қоғамдық алаяқтарға айналды» деген тақырыппен пост жариялады. Ол жерде Мұхтар Тайжан Марғұлан Сейсембайға қарсы хат жібергендей болды.

«Менде бір 100-пайыз эффективный тест бар. Кез келген адам «мен саясаткермін» десе, ол адам халқымыз қиын жағдайда табылғанда не істеді тексеру керек. Нақты айтқанда:

1. 2016 жылы Жер мәселесі ұрып тұрған кезінде не істеді?

2. 2011 жылы Жаңаөзен мен Шетпе қанды оқиғасы орын тапқан кезінде не істеді?» - делінген Мұхтар Тайжанның парақшасындағы хабарламада.

Содан кейін Мұхтар Тайжан Марғұлан Сейсембайға қолдау білдірмейтіндігін ашық айтты. Сонымен қатар ол өзінің керісінше ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік субсидиялар туралы барлық ақпаратты ашуға тырысатынын ескертті.

Марғұлан Сейсембай өз кезегінде Мұхтар Тайжаннан жолданған 2 сұраққа жауап берді.

«Жер митингілері кезінде мен халық  мүддесін қорғап жүрген белсенді Жер комиссиясының жұмысына қатысып, митингте қабылдаған шешімдерді жүзеге асырсын деп, оның отбасын асырап, ұлының Америкадағы оқуының ақысын төлеп тұрдым.

Әрі қарай. Жерге қатысты сұрақтар айтарлықтай көп болмаған соң, менен өзіңе басқа да мәселелер мен міндеттерді тапсыруды сұрадың», - деді Марғұлан Сейсембай Мұхтар Тайжан қойған сұраққа.

Осылайша ол Мұхтарға 237 100 АҚШ доллар бергенін нақты айтты.

Оның ойынша, Мұхтар Тайжанның Марғұлан Сейсембайға жала жапқаны үшін сотқа беру арқылы биліктегілер оны қасақана пайдаланып, оны Марғұланға ілік етуі мүмкін. Сонымен қатар кәсіпкер Мұхтар Тайжанға біреудің дем беріп отырғанын айтты.

Марғұлан Сейсембай өзінің саясаткер еместігін айта келіп, Мұхтар Тайжанға 3 сұрақ қойды.

Ал Мұхтар Тайжан Марғұлан Сейсембай айтқан қарыз қаржыны жоққа шығарды.

«Мен қазір де, бұрын да саған бір де бір тиын қарыз болған емеспін. Бұны жоққа шығаратын болсаң, өзіңнің дұрыс екеніңді дәлелдеуің керек. Иә, екі баланы бірдей оқыту оңай болмады. Сол кезеңдерде таныстарымнан ақша алғаным бар. Бірақ ешкім де мені сол қарыздарды қайтармады деп жазғыра алмайды. Мен үшін қарызды қайтармау - саған сенген адамды алдау. Бұл – ең ауыр күнә», - дейді ол.

«Рақмет саған, Мұхтар, бұл маған 332 100 (237 100 + 95 000) АҚШ долларын жұмсап, қайтарымына, алғыстың орнына өзіңе жау мен көре алмаушыны қалай тауып алуға болатынын түсіну үшін өте қымбат сабақ болды.

Расында, мен адам танымайды екем, қателіктер жіберудемін!» - деп Марғұлан Сейсембай сөзін қорытындылады.

Сонымен қатар Мұхтар Тайжан бұл мәселеге Рамазан айы біткен соң қайта келетінін айтып өтті. Оның айтуына қарағанда, оны демеп тұрған ешкім жоқ.