Weekend

Геннадий Головкин үшінші рет әке атанды

Бауы берік болсын!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин үшінші мәрте әке атанды. Дүниеге тағы бір атқамінер келді. 

Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлының дүниеге келуімен құттықтап, оның отбасына денсаулық және бақыт тіледі.

Головкин жары Алинамен тоғыз жастағы Вадим мен екі жасқа аяқ басқан есімі құпия сақтаулы қызын тәрбиелеп отыр.

Вадим Головкин кәсіпқой тұрғыда хоккеймен айналысады. Әкесінің бапкері Абель Санчестің ойынша Головкиннің ұлы болашақта танымал ойыншы болуы мүмкін. Ол әкесімен бірге бірнеше рет ұлттық хоккей лигасының ойындарын тамашалаған. 

2017 жылы 7 шілдеде Геннадий головкин әйелімен отасқанына он жылдық мерейтойын атап өтті. Оның жары да Қарағанды қаласының тумасы. Үйленгенге дейін олар жеті жыл бойы кездесіп жүрген. Алина Головкиннің екі жоғарғы білімі бар.  Қазақстандық боксшы 2019 жылы көктемде шаршы алаңға шығуы мүмкін.