COVID-19

Тоқаев мәлімдеме жасайды: Карантин шараларына өзгеріс енгізіле ме?

Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елдегі коронавирус індетіне байланысты мәлімдеме жасайды.

«Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында. 

Соңғы мәліметке сәйкес Қазақстанда 2717 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, оның 25-і қайтыс болды, 682 адам жазылып шықты.

Қазақстанда 16 наурыздан 1 мамырға дейін төтенше жағдай режимі енгізілді. Осы аптада ел билігі төтенше жағдай туралы қосымша шешім қабылдайды деп болжануда.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, осы аптада мемлекет басшысы қазақстандықтарға теледидар арқылы үндеу жасайды.