Шымкенттіктер 1 мамырдан бастап саяжайға бара алады - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Төтенше жағдайдың жайы

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.

- Шымкенттіктер қала аумағындағы саяжайларына күн сайын таңғы сағат таңғы 6-00-ден кешкі 21:00-ге дейін бара алады. Бірақ азаматтардың атына тіркелген саяжай учаскесінің бар екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте саяжайлар кіру блокпостарының ведомствосына кіретін аумақта болуы қажет. Егер саяжай қала аумағынан тыс болса, онда кіруге рұқсат берілмейді, - деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетсек, Шымкентте 1 мамырдан бастап бірқатар қызмет көрсету, сауда салалары мен қаржы ұйымдары іске қосылмақ. Ол жерде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады.

0 Пікір Кіру