Шымкент әкімі 1 мамыр мерекесімен құттықтады - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Бірлік күні

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

- Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары - татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы - бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын, - деді шаһар басшысы.

Бірлігі күшті ел азбайды. Ырыстың қазығы ынтымақты сақтап қаланың көркеюіне, еліміздің өркендеуіне жұмыла атсалысарымыз анық.

- Қымбатты Шымкент қаласының тұрғындары! 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні сіздерге зор денсаулық, амандық, құт-береке тілеймін! Достық пен бауырмалдық, бірлік пен тұтастық елім деп соққан жүректердің ұраны! Бір мақсат, бір болашақ жолында бірлігіміз беки берсін! – деді қала әкімі.

0 Пікір Кіру