Шымкент

Шымкент: Бадам өзеніндегі көпірдің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Құрылыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттегі Бадам өзені бойында салынып жатқан көпірде қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы «Қорғас - Алматы - Шымкент - Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілген болатын. Аталған көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр болса, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр және жалпы ені – 28,2 метрді құрайды.

Көпір 2 бөліктен тұрады, 1 бөлігінің құрылысы аяқталып, қазіргі таңда ел игілігіне берілген. Көпірдің екінші бөлігінде 2 жағалауындағы және 2 аралық бұрғылап қағылатын қадалар құйылды. Ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін 3 аралық қадалар аяқталатын болады.

Жоспар бойынша көпір құрылысы толығымен 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.