Bugin

Мен тандаған мамандық

Журналистика

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу. 

Кішкентай кезімнең сіңілілерімнен сұхбат алып жаңалықтар түсіріретін едім бүгінде мен болашаққа қадам басқалы отырған жас түлекпін. 

Журналист болуға бүгінде қызу дайындық үстіндемін, қолға қалам алып көптеген мақалалар жазудамын. Әл-Фараби  атыңдағы Қазақ Ұлттық Университетінде Жидегүл атты ұзтазымнан тәлім алып үлкен жолға қадам баспақпын.

Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен тіл табыса алатын, қарапайым, білімді адам.

Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!

Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?!