Саясат
Әскерге шақыру туралы жарлық өзгеріске ұшырады
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]"Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне, ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын", - деп жазылған жарлықта.
Осы жылдың ақпанында президент әскери қызметке шақыру мерзімі наурыз-маусым айлары аралығында болатыны туралы жарлыққа қол қойды. Ал күзде әскери қызметке шақыру мерзімі өзгеріссіз қалды.
Еске салатын жайт, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Соған байланысты әскери қызметке шақыру және 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылды.