Саясат

Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтады

ОСК мәлімдемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін 4 мамырда Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты. 

Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында келтірілген ақпаратқа сәйкес Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттары туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы жарлығы негізінде тоқтады.

Айта кететін жайт, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға Сенат төрағасы ретінде атқарған жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.