Саясат

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болды

Президент сенат депутатын тағайындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сонымен қатар Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.  

1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Саяси мансабы:

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012-2018 жылдары – V, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы.

2018-2019 жылдары – «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары.

2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019 жылдың 18 желтоқсаннан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.