Саясат

Биліктегі ауыс-түйіс: Дариға Назарбаеваның орнына кім келді?

Парламент сенатының төрағасы сайланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәулен Әшімбаев парламент сенатының төрағасы болып сайланды. Бұл ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли растады.

4 мамырда мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды. Бұған дейін ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

Осы жылдың 2 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты.

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

Мемлекет басшысы Дариға Назарбаеваға сенат төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

sputniknews.kz