Қазақстанда карантин шаралары қалай жеңілдетіледі? - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Елде карантин шаралары жеңілдетіледі

Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«Карантин шаралары індетке шалдығудың күрт өсуіне тосқауыл болып, медициналық жүйеге жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Осының оң нәтижесін біз қазір көріп тұрмыз. Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бірінші кезекте адамдардың тығыз әрі ұзақ қарым-қатынасы байқалмайтын нысандар іске қосылуда. Осыны ескере отырып, 1 мамырдағы тиісті қаулыда алгоритмді айқындадық», - деді А.Есмағамбетова.

Алгоритмде жұмыс берушілерге және жұмысшыларға, сондай-ақ қызмет көрсету орындарына барған адамдарға қойылатын талаптар қамтылған. Ғимартқа кіргенде масканы тағу, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтуге басты назар аударылған.

Соңғы екі аптаның барысында тұрақты эпидемиологиялық жағдайды тіркелген.

0 Пікір Кіру