Сараптама

Біз неге дамимыз?

Короновирустан кейін...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұйқыдан тұра сала әкемнің жұмысқа бару, анамның анау тірлікті бүгіннен қалдырмау керек дегенін жиі естимін. Орнымнан тұрып, жуынып келген соң ұялы телефоныма қарасам, кәсіпкерлерден бастап қарапайым жандарға дейін қыбыр-қыбыр күйбең тіршілікке кірісіп, даму керек, еңбек ету керектің кейіпін киген. Қысқасы, әлемнің бәрі бірдеңе істеу керек пен дамудың даңғыл жолына түскен. Мен де солардың бірімін.


Альберт Эйнштейнге болашақтың адамдарына не жетіспейді дегенде, орындық деген екен. Орындық дегеніміз – бір сәт ойланып, өз-өзіңе есеп беру болса керек. Ал, мен орындықтың аты болу керек деп есептеймін. Мен оны – короновирус деп атар едім. Адамның отырудан омыртқасы, жатудан жамбасы ауырады. Бұл жолы Абай Құнанбайұлының: - Бір істі бастау маңызды, аяқтау маңызды емес нақылын, қазіргі жағдайда өзгертіп, ертерек «аяқтау маңызды» деп есептеймін.

Қанша жерден адамзат баласы мойындағысы келмегенімен, короновирустың алапат зияны мен пайдасы қатар келгенін шын түсінді. Тәртіпсіз берілген білім адамзаттың қас жауына айналды. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ екендігі тағы да нақтыланды. Материалисттік азғын қоғамның рухани сау қоғамға айналуына алғышарт жасалды. Екі аяқты саналы тіршілік иесі жоғалтқан құндылықтарын қайта іздей бастады. Уақыт пен еркіндіктің бағасы артты. Осы жол алдында құрбан болған асылдарға мың тағзым. Түсінген Жә, бастапқы тақырыпқа оралайын. Сонымен, біз не үшін дамимыз?

Көбіміздің білуімізше күн жүйесінде 8 планета бар. Соның бірі – жер. Бұл біздің жалпылама бұқараның білетін дерегі. Ал, діни жағынан қарастырсақ, 18 мың ғалам деген түсінік бар. Ал, ғылыми жағынан қарастырсақ, ғалымдар планеталардың миллион асатынын айтады. Бұған ағылшындық космолог, асторфизик Стивен Хокингтың еңбектерінен мысалдар келтіре аламыз. Яғни біз жер-ана деп есептейтін планета - шетсіз кеңістік ғаламдағы кішкентай ғана нүкте. Ендігі, мәселе мынада. Бүгінде түптің түбінде адамзат баласына, жерге қауіп төніп заманның ақыры орнауы мүмкін екендігін дін де, ғылым да жоққа шығармайды. Осы жағдайда кез-келген адам баласына жоқ дегенде өмірінде 1 рет:

- Егер, соңында заман ақыры болатыны рас болса, біздің істеген ізгіліктеріміздің, құндылықтарымыздың, мұраларымыздың т.б құны көк тиын ғой, бәрі жойылады. Онда, біз неге дамимыз? Біз неге дұрыс өмір сүруді таңдаймыз?-деген сан сұрақтар мазалауы әбден мүмкін.

Бұл сұрақтар мені де көп мазалады. Әйтеуір жауабын тапқандай болдым.  Жеке қорытындым деп есептерсіздер.

Негізінен, алға, дамуға ұмтылғыштықты ғылымда перфекционизм,-деп атайды. Ақиқатында, адамзат баласы – шексіздік идеясымен өмір сүреді. Осы күнге дейін адамзат баласы қаншама қасіретті кезеңдер мен ізгілікті күндерді бастан өткерген. Алысқа бармай ақ, қазіргі жағдайдағы әлем халқының шамына тиген, зардабын тигізіп жатқан короновирусты атап өтуге болады. Әлем халқы бұл індетті жеңіп шығатындығына анық сенімдіміз. Осы секілді жер шарына қауіп төнгенде немесе бұл ғаламшарда мүлдем тұруға мүмкіндік қалмаған жағдайда адамзат баласы келесі қонысын табу үшін барын салады. Және қазіргі жағдайдағы ғарышты игеру, Марсқа сапар, бүкіләлемге тегін ғаламтор орнату, IT дамуы осының алғышарттары. 

Демек, сіздің қайырымдылық, мейірімділік, ізденімпаздық жолындағы әрбір ісіңіз, тіпті жазған бір шумақ өлеңіңіз, креативті идеяңыз, эмоцияңыз, көшбасшылыңыз, еңбекқорлыңыз, қысқасы жақсылыққа ұмтылған барша дүниелеріңіз – болашақтағы адамзат баласының аман қалуына қосқан үлес қосады. Әрине, бұл сұраққа бір ғана ұғыммен жауап бере алмасымыз анық. Мектеп оқушылары бұл сауалға:  Біз барлығы жақсы болғанндығын жақсы көреміз.. Бірде-бір оқушы екі есе алғысы келмейді,-десе, студенттер қауымының көпшілігі Адам әрдайым қозғалыста болуы керек. Тоқтау-өліммен тең,-деп жауап беріпті. Ал, ғалымдардың көпшілігі адам Құдайдың жаратушылық сипатын өзіне сіңіргісі, танығысы келеді екен. Осы тұрғыда ағайынды Стругацкийлердің : Біз дамыған сайын жақсырақ, ақылдырақ, қайырымдырақ бола түсеміз дегені ойыма оралды. Ендеше, түйінді формула ретінде аяқтап көрейін. Жақсылық + қозғалыс = шексіздік болмақ. Ендеше, Ұлы Абай айтқандай, сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан...

Ержігіт Еркебайұлы