Weekend
Жаңа қаулы қабылданды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚұжатта жазылған ақпарат бойынша, педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін, кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді.
Сондай-ақ үш жыл ауылда жұмыс істеу жөніндегі міндетке қатысты өзгерістер енгізілді.
Қаулы бойынша ауылда жұмыс істеу міндеті тоқтатылады:
- білім алушы (жас маман, философия докторы (РhD)) қайтыс болса, тиісті құжаттармен расталуы тиіс;
- жұмыс істеп жүрген кезінде I және II топ мүгедектігі берілсе;
- заңда және осы қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61