Bugin
Ұлы жеңіске 75 жыл
Биылғы келіп жеткен 2020 жылы ұлы жеңістің 75 жылдығымен тұспа тұс келуде. Әрине, бұл қан майданды еске алсақ әдетте есімізге ,өшпес есімдер,қайталанбас тарих,оралмас уақыттар келетіні анық.
Алдымен соғысты бір талқылап өтсек. 1939 жылы немістің фашизм Адольф Гитлер бастаған тобы Еуропаға ене бастады бір тәулікте бір ел, содан соң бір айда жарты Еуропаны да талқандап тастаған болатын. Дегенмен Гитлер Совет Үкіметімен бейбіт келісімге келіп,соғыпайтынын жеткізді. Алайда еш ескертусіз 1941 жылы жаз айында Совет жеріне басып кіріп, қан майданды бастап кеткен болатын. Артынша 4 жылға жалғасын тапқан сұрапыл соғыс,екі елге бірталай шығын алып келді. Жалпы саны 50 миллион адам көз жұмды,жерленбей, жат жерде денесі қалып кеткендер де қаншама. Әрине, мұның бәрі ел тарихы үшін өшпес қасірет.
Бұл мереке жыл сайын бұрынғы Совет елдері ішінде жоғары дәрежеде аталып өтетін,орны ерекше күндердің бірі.Есімдерін мәңгіге жазып кеткен батыр бабаларымызда қаншама.Дегенмен жылда аталатын есімдер Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәмбетова секілді белгілі тұлғалар.Ал одан басқа батырлардың есімін неге зерттеп кітап беттеріне шығарып, кино түсіріп, келешек ұрпаққа, өзге де батырлардың барын көрсетпеске. Әрине аты аталған кісілердің еңбегін жоққа шығармаймын, десек те одан да өзге миллиондаған адамдар отан үшін жанын берді емес пе?
Мысалы менің жерлесім, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласының тұрғыны Әбдіғали Төлегенов, өз ауданына соғысқа қатысқан белгілі тұлға ретінде есте қалды.Алайда қазір сол есімде өзгеден сұрасақ,білмейтіні анық. Неге осындай көлеңкеде қалып қойған батыр аға-апаларымызды сәл болсада зерттеп,кемінде облыс көлемінде есімін шығармасқа. Мен сенімдімін әр облыста аты шықпаған кемінде 10 батыр атамыз барын.
Солардың келешек ұрпағы өз атасының батырлығын дәріптеп бойына сіңіріп өссе, ертеңгі күні ел жағдайыда сенімді қолда деп айта аламын.Қорытындылай айтқанда жеңіс күнін кімдер алып келгенін,қалай алып келгенін,сонымен қатар шектеулі тұлғаларды ғана емес,өз өңірімізжің мәңгілік батырларын біліп жүрейік.
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қаласы жалпы білім беретін №1 орта мектебінің
11 сынып оқушысы Бақберген Ернұр Дәулетұлы
05.05.20 жыл