Шымкент

Шымкентте тағы 11 науқас коронавирустан емделіп шықты

Барлығы 72 адам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.

Қауіпті індетті жеңіп шыққандар - 1998, 1975, 1978, 1990, 1977, 1990, 1976, 1981 жылы туған қала тұрғындары. Дертінен айыққандардың жетеуі ер азамат болса, төртеуі әйел.  Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды.

Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 6  мамыр күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан  72 науқас дертінен айығып шықты.