Экономика

Түркия Алматы әуежайын сатып алды

Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алды.

Консорциумда TAV Airports үлесі 75 пайыздан кем емес, ал акция барлық заң процедуралары аяқталғаннан кейін беріледі.

Алматы әуежайы TAV Airports Holding портфолесінде 15-інші болып тұр.

"Қазақстан - аймақта географиялық және экономикалық жағынан ірі ел. Ал Алматы - елдің ірі қаласы, ЖІӨ 20 пайызы Алматыдан түседі. Сонымен қатар бұл - Қытай, Еуропа және Африканы қосатын "заманауи Жібек жолының" орталығы. Потенциалы жоғары және біз өз білімімізге сүйене отырып, оны толық іске асыру үшін жұмыс істейміз", - деді холдинг президенті және бас директоры Сани Шенер.

tengrinews.kz