Шымкент
Заң қабылданды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ардагерлер туралы" заңға қол қойды.
Ардагерлерді әлеуметтік қолдауға бұған дейін де көңіліміз толатын. Енді санаты мен олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалуы ҰОС қатысқан ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне қамқорлықтар қосылды.
Заңда, сонымен қатар, жеңілдіктер мен кепілдіктер басқа да мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері де атап көрсетілген.
Сондай-ақ, Чернобыль апатынан зардап шеккендер жәрдемақылары да атап көрсетілген. Аталған Заңның орындалуы үшін мемлекеттен жыл сайын қосымша 2 млрд теңге бөлінбекші. Нәтижесінде, ардагерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен 169 мыңнан 180 мың адамға дейін қамту көзделген. Қолданысқа жаңа енген бұл Заңның ардагерлер үшін орасан зор көмегі тиеріне сеніміміз мол.
Нұрлан Тастемірұлы, Тәжік-Ауған соғысының ардагері