Шымкент

Шымкент: Ардагерлердің алғысы шексіз

Заң қабылданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінің қарсаңында Мемлекет басшысының "Ардагерлер туралы" арнайы заңға қол қоюы – еліміздегі барлық ардагерлер үшін зор қуаныш!

Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламенті мен Үкіметіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған.

Бұл заңның әзірленуі кезеңінен бастап, талқылануы мен қабылдануына дейін Чернобыль ардагерлері одағының атынан арнайы жұмыс тобының құрамында болып, атсалыстым.

Чернобыль атом электр стансасындағы апатты залалсыздандыруға қатысқан 32 мың қазақстандықтың қазір 5400-і ғана жер басып жүр. Солардың қатарында болған шымкенттіктердің 240-ы ғана аман-есен. Өкінішке қарай, бұл азаматтардың 90 пайызы түрлі топтағы мүгедектер. Жаңа заң осы азаматтардың әлеуметтік қорғалуын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз.

Заңға сәйкес, Чернобыль АЭС-тегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2.13 АЕК-тен 4,8 АЕК-ке (2020 жылы 13 334 теңге) дейін өсті. Сондай-ақ, жылына бір рет төленетін материалдық көмектің мөлшерін әр өңірдің жергілікті мәслихаттары әртүрлі белгілеп жүрген еді. Шымкеннтте соңғы бірнеше жылдан бері 20 АЕК мөлшерінде беріліп келген-ді. Енді жаңа заңда бір реттік материалдық көмектің республика бойынша бірыңғай мөлшері айқындалды. Және 100 мың теңге болып белгіленді.

Мұнан бөлек Чернобыль апатына қатысқан азаматтардың жесірлері үшін де жақсы жаңалық бар. Мұнан былай олар да асыраушысынан айырылғандар санатына жатқызылады. Және олар да ай сайын 4,8 АЕК көлемінде жәрдемақы ала алады.

Аға ұрпаққа көрсетіліп жатқан осындай құрмет пен қамқорлығы үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымыз шексіз!

Бақытжан Әшірбаев, Чернобыль ардагерлері Республикалық Одағы үйлестіретін кеңесінің төрағасы