Шымкент
Заң қабылданды
Қолданысқа енген ҚР «Ардагерлер туралы» Заңы ардагерлердің үмітін ақтайтынына сенімім мол.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев мерейлі мереке ҰОС жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Бұл қуанышты хабар ардагерлер қауымын бір серпілтіп тастағаны шындық. Өйткені, мұндай заң ТМД елдерінің көпшілігінде бар.
Заңның қабылдануы өте құптарлық дүние болды. Өйткені осындай бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміз қандай құрметке болса да лайықты. Олар, осы Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан қаншама жерлесіміз оралмай кетті. Ал, бүгінде тарихтың куәсі болып отырған батырларымызды қолдап қорғау - біздің парызымыз.
«Ардагерлер туралы» Заңның қабылдануы көптің көкейінде жүрген күрделі мәселе болатын және бұл мәселе ұзақ жылдардан бері көтеріліп келеді. Бұл Заң барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктердің, көмектердің бәрін жүйелеуді көздейді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған.
Осы Заң жобасының аясында қорғалатын 5 әлеуметтік санаттағы ардагерлерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері, Заңның күші қолданылатын басқа да санаттағы тұлғалар жатады. Сондай-ақ, интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыльдағы апат салдарын жоюға қатысушыларды, сондай-ақ, Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шараларды күшейту ұсынылды. Осы 5 санатқа жататын ардагерлерге барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен жәрдемақылар сақталады.
Қолданысқа еніп отырған Заң, ардагерлердің әлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін санаттарын анықтау және де әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге бағытталған.
Латипша Асанов, Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы