Экономика
Министр 42 500 теңгеге өтініш беру туралы айтты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Бүгін төтенше жағдай мерзімі аяқталды. Сондықтан да біз бүгіннен бастап жаңа өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Бірақ 11 мамырға дейін өткізілген өтініштердің барлығы міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса, тағайындалып төленеді", - деді министр үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, бүгінге дейін 4 миллион 539 мың адамға 42 500 теңге тағайындалып төленді. Барлығы 193 миллиард теңге бағытталған.
"Төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, олардың саны 3 миллион 735 мың адам, екінші айға да төлем алуға құқылы", - деді министр.
Министрлік демалыстың алдында, 5-6 мамыр күні екі миллионға жуық адамның өтінішін рәсімдеп, банктерге 99 миллиард теңге жіберген.