Weekend
Жапон баласы өзінің інісін өртеу пешіне алып келген
1945 жылы 9-тамыз күні АҚШ Жапонияның Нагасаки қаласына 21 килотонн тротилға тең атом бомбасын тастады. Салдарынан 80 мың адам, жыл соңына дейін 140 мың адам көз жұмды.
Есепсіз қырылған адамдардың денесі ауру, эпидемия әкелмес үшін әр қалада арнайы өртеу пештері орналасқан.
АҚШ теңіз жаяу әсер корпусының фототілшісі Джо О’Доннелл түсіріп алған сурет қазір адамзат баласының есінде қалды.
Анасы қаза тапқан жас бала, інісінің де өлген денесін көтеріп өртеу пешінің алдында қасқайып тұрған. Суретті түсірген фототілшінің айтуынша, ол өзге де өртеніп жатқан адамдардың денесіне құрмет көрсетіп, інісінің денесін арқалап, самурайларға тән мінез көрсетіп тұрған.
Кейін Әзербайжан елінің суретшісі Гюндуз Агаев осы суретке өзіндік балама беріп, басқа бір сурет салып шыққан.