МӘДЕНИЕТ
Туған жерім ауылым
Айналамызды қоршаған орта кербез таулы-қыратты, орманды-нулы өлке. Мұндай сұлу табиғаттың қойнауында Ақсаң деген ауыл бар. Міне, бұл менің ауылым, туып-өскен киелі мекенім, балалық шағымның бал күндері ауылымда өтуде.
Ауылым кішкентай болғанымен, маған ыстық. Ауыл тұрғындарының жүздері жылы, шырайлы. Әр тауларында достарыммен асыр салып ойнаған қамсыз күндерім сақталған. Жылдың төрт мезгілінде ауылымның әсем табиғаты мың құбылып ерекше сипатқа енеді. Қыста қар жамылған таулар мен қылау басқан қарағайлар, күзде тіпті керемет бейне бір алтынға оранғандай, жадыратқан жаз айларында ауылымыздың сай-саласынан бүлдірген, қарақаттарын кездестіре аламыз, көңілге қуаныш сыйлайтын шырайлы көктемде жылғалардан сылдырлап аққан суына, жас бүршік жарған ағаштарына, қар астынан жарып шыққан бәйшешектерге қарасан көзін тоймайды.
«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» дегендей туған жерден жырақта, қандай керемет елде жүрсекте бәрімізде туған өлкені сағынып, аңсайтынымыз анық. Ауылымыздың сәнін келтіретін ғимараттар да жоқ емес. Қасиеттері мешітіміз әсем тау бөктерінде орналасқан. Жетпіс күнде іргесі қаланған мешіт екі мың онсегізінші жылы бой көтерді.
Әр баланың алғашқы алғаш сауатын ашып, әріп таныған ортасы алтын ұя мектебіміз, мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылатын мәдениет үйі, алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы медпункт және әкімшілік үйі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Балалардың сүйікті орыны футбол алаңы ашылды. Ауылымыздың әр үйіне су құбыры тартылу жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы жағдай. Ауылымыздың дамуына бағытталған шаралар өз жалғасын табады деп .
Ғұлама-ғалымдар да, елім деген батырлар да, туған жерін жырға қосқан ақындарда ауылдан қанат қаққан. Ақсаң ауылынан да елінің қалаулы тұлғалары шығарына сенемін. Туған жеріміздің көркеюі, еліміздің өркендеуі жас ұрпақтың қолыңда.
Елбасымыз «ауыл – ұлттың ұйытқысы, алтын бесігі» деп те бекер айтпаған. Ауыл-тәрбиенің бастауы, қазақи ұлттық құндылықтар сақталған бірден-бір мекен.