Саясат
Президент мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізілетінін мәлімдеді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПрезиденттің пікірінше, эпидемиядан кейінгі кезеңде де бастамашылдық танытып, терең жауапкершілікті сезіне білу маңызды.
"Бізге кез келген ахуалға бейімделіп, жедел шешім қабылдайтын, жаңартылған, тиімді әрі шағын мемлекеттік аппарат қажет", - деп жазды ол.
Тоқаев сондай-ақ Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылатынын мәлім етті.
"Дағдарыс және дағдарыстан кейінгі даму жағдайындағы негізгі басымдықтарымыз: азаматтардың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру, бизнесті дамыту, білім және ғылым саласын жаңғырту", - деп атап өтті ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру керек. Бұл – дағдарысты еңсеріп, өркендеуге қадам басудың бірден-бір жолы.