Саясат
Трамп журналистермен өтіп жатқан баспасөз конференциясын тоқтатып тастады
Баспасөз конференциясында Трамп АҚШ басқа елдерге қарағанда коронавирусты анықтауға өте көп тест жүргізіп жатқанын атап өтті. Журналистер тестілеуге қарамастан елдегі өлім саны көбейіп жатқанын айтып, себебін сұраған.
Трамп ашумен жауап берді.
"Менен емес, Қытайдан сұраңыз", - деді ол.
Кейін ол қойылған сұрақты "жиіркенішті" деп атап еді, журналист бұған наразы болды. Трамп журналистің басқа сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Содан соң баспасөз конференциясын тоқтатты.
Бұған дейін Трамп баспасөз конференциясын күнделікті өткізетін. Олар көбіне айғай-шумен өтетін. Кейін ол жария түрде бұлай жасаудың қаншалықты қажеті бар деп айтты. Соңғы екі аптада Трамп журналистер алдына сирек шығатын болды. Бірақ оның баспасөз хатшысы Кейли Макани өзінің брифингін өткізе бастады.