Білім және ғылым

Қашықтықтан оқу - мәселе

Онлайн білім алу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі таңда елдегі ең өзекті мәселелердің бірі  - Қашықтықтан  оқыту.  Елімізде орын алып жатқан соңғы жағдайларға байланысты оқушылар онлайн, яғни, қашықатықтан білім алуға мәжбүр.

Қашықтықтан оқу басталғалы бері, оқытушылар мен білім алушылар әбден әбігерге түсті. Себебі, бірінде интернет тартпай қалса, бірінде ол мүлде жоқ. Ал шалғайдағы интернет желісі орнатылмаған ауылдардың жағдайы туралы бізде әзірге ақпарат жоқ. 

Сыбыстарға сүйенсек, оларға аптаның соңында, өткен аптадағы тапсырмалар почта арқылы жіберіледі де, олар бәрін орындап қайта почта арқылы салып жібереді-мыс. Ал қаладағы білім алушылар, тапсырманы сабақ үстінде орындап, нақты уақытында кері байланыс орнатады. 

Қашықтықтан оқу мәселесі бойынша Семей қаласының М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің физика пәні мұғалімі Мерхат Мұқанов:

Журналист: - Қашықтықтан оқыту сіздер үшін қаншалықты қиынға соғуда?

М.Мұқанов: - Интернеті нашар ауылдармен байланыс кедергі келтіретіні болмаса, қиын емес

Журналист: - Студенттер тақырыптарды тез қағып алады ма, әлде қиыншылықтар туындап жатыр ма?

М.Мұқанов: - Әрине сабақтағыдай емес, дегенмен түсініп жатыр. Канвас платформасы арқылы байланысқа шығып, талдаймыз.

Журналист: -Интернеттен туындайтын мәселер барма?

М.Мұқанов: - Кейбір ауылдарда интернет сапасы өте төмен.

Құмкөл ауылы, «Сасан би» орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Нүкешов Ерасыл:

Журналист: -  Қашықтықтан оқу сендер үшін қаншалықты қиынға соғуда?

Ерасыл: - Қатты қиын емес, жақсы маған 

Журналист: - Тақырыпты түсініп, тапсырмаларды орындау қиындық туғызып жатқан жоқ па?

Ерасыл:- Орындап жібере саламыз, күндегі сабақтан жақсы негізі менің ойым

Журналист: - Ауылда интернет желісі дұрыс тартады ма? Интернеттен туатын мәселелер барма?

Ерасыл: - Интернет ауылда  ұстайт кәзір ауылдың 80% ында  Wi-fi желісі бар ) бәрі жақсы по идее. Wi-fi жоқтарға қиындау.

Міне, еліміздің білім ошақтарындағы жағдай әзірше қанағаттанарлық. Тіпті оқушыларға қашықтықтан оқу ұнапты. Тек кейбір ауылдарда интернет сапасы өте төмен  екен. 

Айта кету керек, биыл елімізде жаңартылған бағдарламамен білім алатын оқушылар БЖБ, ТЖБ-ларды онлайн түрде жазып өткізеді. Ал студенттер 25 Мамыр күні демалысқа шығады. 

Мұратбекова Амина