Weekend

Фотосуреттеріңізді сақтауға арналған 5 сервис

Алдағы уақытта ұялы телефоныңыздағы суреттерді жоғалтып алғыңыз келмесе, 5 сервистің біріне көшіре аласыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1.Google диск- ең танымал әрі тиімді сервис.

 15 ГБ дейін фотосуреттеріңізді жүктей аласыз. Одан асса айына 764 теңге төлейсіз. Веб, Windows, macOS, iOS, Android платформаларына тиесілі.

Қызмет принципі қарапайым.Өздері түсіру уақыты мен орны бойынша топтастырылады. Мобильді құрылғылардан фотосуреттер автоматты түрде жүктеледі.


2.Егер сіз Apple құрылғыларын қолдансаңыз, iCloud - бұл сіздің таңдауыңыз. 

MacOS және iOS жүйелерімен тығыз байланыста және осы жүйелердің барлық мәліметтерін онымен синхрондай алады: құжаттар, күнтізбелер, контактілер және фотосуреттер. iCloud MacOS және iOS үшін жергілікті Photos қосымшасымен бірге жұмыс істейді.


3.Dropbox-тың басты артықшылығы - бұл барлық жұмыс үстелінде және мобильді платформаларда қол жетімді.

Кемшілігі - тегін нұсқада орын аз. Сонымен қатар, Dropbox-та фотолардың қай жерде, қашан түсірілгенін іздеу сияқты Google  және Apple-дегідей ерекшеліктер жоқ.

2 ГБ тегін, одан асса айына шамамен 3000 теңге. Веб, Windows, macOS, iOS, Android платформаларына тиесілі.


4. OneDrive Dropbox-қа ұқсас. 

Жүктеу кезінде сервис фотосуретті тегтермен автоматты түрде белгілейді: ол кескіннің түрін (портрет, ландшафт және басқалар) және оған басылған заттарды (адам, жануар, зат немесе табиғат) анықтайды. Бұл сұрыптауды және іздеуді жеңілдетеді.

5 ГБ дейін тегін. Веб, Windows, macOS, iOS, Android платформаларына тиесілі.Егер сіз Windows 10 пайдаланушысы болсаңыз, Microsoft сіз үшін OneDrive бағдарламасын әлдеқашан орнатқан.


5.Яндекс Диск-те 15 ГБ дейін фотосуреттеріңізді жүктей аласыз.

Одан асса айына 544 теңге төлейсіз.Веб, Windows, macOS, iOS, Android платформаларына тиесілі.

Қызмет принципі қарапайым.Өздері түсіру уақыты мен орны бойынша топтастырылады. Мобильді құрылғылардан фотосуреттер автоматты түрде жүктеледі.