Weekend

Қыз бен жігіт дос бола ала ма?

Бақытты сәтіңде ғана қасыңнан табылып, басыңа іс түскенде ізін суытқан адам- досың емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әр ұлттың өзіне тән әдет-ғұрпы бар.

Ұл мен қыздың дәрежесін тең қылмай өсірді. Қырық үйден тиылған қыз- қылықты. Мінезі мен ақылы жарасқан ұл- ұлық. Әр заманның естелігі бар. “Сылдырлаған шолпы үні естілгенде жігіттер сап тиылатын. Тұлпардың шабысын естіген қыз-қырқын ду күлкісін әсте жинап алатын”. Осы сөздерді әдеби кітаптардан көп кездестіремін. Ұяңдық басым  сол заманды көрмесемде сағынамын.

Қарапайым тақырып. Бірақ көп нәрсеге көз жеткізуге болады. Батыс мәдениеті көптің көзқарасын өзгертті. “Феминизм” ұғымын қолдаушылар көп. Бір теңдікті қалайтын әйелдер ұйымы, партиясы бар.Демек байырғыдай ұл мен қыздың ара-жігі ажыратылмайды. Тіпті, киер киімі де ұқсас болып кетті.  Кімді кінәлаймыз? Өзімізден көрмесек өзгеге өкпелер жайымыз жоқ.

Жігітке күлімдеп жөнін айтуға қысылатын қыздардың реңі азайды. Қызға мысын көрсетіп, жас жүгіртпейтін ерде көп емес. Қысылар қыз бен мысы жоқ еркек ақырында бірін-бірі жұбатады. Доспыз деп ойлайды. Сырын айтады, қолдау көрсетеді. Қыз бен жігіт оңаша қалғанда міндетті түрде ұялу пайда болады. Міндетті түрде.

Сіздің ойыңызша, достық кездесе ме? ( қыз, жігітте)

Сыныптас, парталас, құрдас, группалас - олар сіздің өміріңізде кездесетін этап қана. Әр кезеңнің жаңа парағы болады. Параққа  жаңа адамдардың қосылуы да заңды.

Пікіріме көбі наразылық тудырады.Бірақ тереңінен ойлап қарасаңыз, не айтқым келгенін түсінесіз. Қыз бен жігіттің арасында достық болмайды. Бірі ғашық болып қалады, бірі сүйіп қалады. Ол- махаббат. Бұл мүлдем бөлек әңгіме.