Саясат

Екібастұзда «крещениеге» арнап қазақ үй тігілді

Бұл бізге жат емес пе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екібастұз әкімдігінің ұйымдастыруымен 19 қаңтар православие христиандары – шоқыну мерекесінде суға түскендерге арнап қазақ үй тігілді. Арнайы дастархан жайып, ыстық шаймен қамтамасыз етті. 

 

Жалпы, еліміз бойынша діни ұстанымдарына сәйкес суға шомылуға ең көп ынта білдіргендер Павлодар облысында екен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Сергей ЧЕРНОВТЫҢ мәліметінше 31 мың адам христиандар мерекесіне қатыспақ. Оларға шомылу үшін арнайы 18 орын әзірленіпті.

«Бұл шара кеше басталды. Екібастұз қаласы бойынша 6500 адам суға шомылды.Кәсіпкерлердің қолдауымен бір киіз үй мен екі шатыр құрылды. Ұйымдастыру жұмысын қалалық әкімшілік қолға алды.Киіз үйде адамдарға дастархан жайылды.Ол жерде тек тамақтанды. Киіз үйді қазақтың қонақжайлылығын білдіру үшін құрғыздық. Қала әкімі Нұржан ӘШІМБЕТОВ келіп құттықтады», — дейді Жас Алаш тілшісіне Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Наталья НЕФЕДОТОВА. 

Құтқарушылар, дәрігерлер және полицейлер тәулік бойы кезекшілік ететін болады. Көпшіліктің қауіпсіздігі үшін 233 маман мен 73 арнайы техника жұмылдырылған.

Дереккөз: Жас Алаш