Weekend

ТОП-7 : Әлемдегі ең ақылды балалар

Ғалымдар адам санасының жоғары болуы үшін IQ мен EQ-дің маңыздылығын талқыға салып жатқанда, енді бір тобы тұлғаның қабілеті мен мінезі оның интеллектісінің дамуына ықпал етуін зерттеу үстінде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


                                                                                                                                                                         Григори Смит

1990 жылы туылған және 2 жасында кітап оқи алды. 10 жасында университетке түсіп, ерекше ақыл-ойын дамыта берген. Әлем көшбасшылары Михаил Горбачевпен және Билл Клинтонмен кездесті. Григорийдің жетістіктерінің бірі - әлем балаларының арасында түсіністік іздеуге бағытталған Халықаралық жастар адвокаттарының құрылуы. Бала кезінде Смит бірнеше рет Нобель сыйлығына ұсынылған.

                                                                                                                                                                                               

  Махмуд Ваиль Махмуд

1999 жылы тағы бір керемет бала дүниеге келді. Ол Гиннестің рекордтар кітабына ену құрметіне ие болды.Құрдастары арасында IQ ең жоғары  155 баллды құрады.  Өзінің санасында бірнеше мәнді сандардан тұратын күрделі мысалдарды шешу арқылы өз шеберлігімен таң қалдырды. Ол өзінің тез ойлау қабілеті арқылы тіпті өзінің отаны - Египеттен шыққан барлық атақты ғалымдарды басып озды. Бастауыш білім алғаннан кейін Махмуд арнайы бағдарламалар бойынша оқыды.Әлемнің ең танымал компьютерлік программаларын құрған.

           Таниш Мэтью Авраам

2003 жылы Америкада дүниеге келген. Ұлты  үнді. Төрт айдан бастап, нәресте балалар кітаптарын қарап, олардың мазмұнына  жасына сәйкес келмейтін  жауаптармен тіл қатқан. Мазмұнын түсініп, соған байланысты жұмыс жасаған. Төрт жасында Таниш 99,9% өткен тестілеудің нәтижесімен Менса қоғамының құрамына кірді. Бір жылдан кейін, бала Стэнфорд университетінде математика курсын бітірді. Алты жыл орта мектепке барды. Көп ұзамай колледж студенті болды. Балаларға арналған эсселері NASA-ның Lunar Institute веб-сайтында жарияланған.

               Алексис Мартин    

Жер шарындағы ең ақылды балалар тізімінде қыздар да бар. Дарындылардың бірі - Алексис Мартин. Ол «Менса» қоғамының мүшесі болды. Үш жасында оның IQ деңгейі 160 балл құрады. Нәрестені сынақтан өткізетін сарапшылар қателік болуы мүмкін және Алексистің өнімділігі одан да жоғары деп санайды. Үш жасында қыз  көптеген географиялық атауларды білді. Алексис испан тілін өз бетінше үйрену үшін ата-анасының смартфонын қолданды. Нәрестенің дарындылығының алғашқы белгісі - ол оған бір жасында анасының оқып берген ертегісінің есінде қалуы. Содан бері Алексис естіген барлық оқиғаларын сөзбе-сөз аударып, таңқалдырды.

   Оскар Ригли

 Дана бала Ұлыбританияда 2011 жылы  дүниеге келді.  екі жасында «Менса» қатарына қабылданды. Оның IQ бойынша интеллектісі 160 баллға бағаланды. Бұл Эйнштейн мен Хокингтің көрсеткіші. 9 айында  бала толық фразалармен сөйлей бастады, ал екі жасында ол әртүрлі қиын тақырыптар бойынша ересектермен сөйлесе алды.. Қазір 9 жаста, Оскар орта мектепті бітіріп, 6 тілді оқып, биология бойынша барлық  кітаптарды оқып шықты.

      Петр Величко

Запорожье облысының Мелитополь қаласында дүниеге келген. 11 жасында «Керемет бала» байқауының бас сыйлығын алды. Қарсыластары одан үлкенірек балалар болған. Туыстарының айтуы бойынша, Петя 2 жасынан бастап оқып, санап отырды. Үнемі күрделі тақырыптар бойынша сұрақтар қойып отырған. Баланың негізгі хоббиі - математика және информатика, бұл оған Украинадағы ең ақылды балалар қатарына енуге мүмкіндік берді. Величко жинағында  олимпиадалар мен нақты ғылымдар сайыстарының көптеген дипломдары, медальдары мен марапаттары бар.

       Карина Окли

Кішкентай Карина Оклидің IQ көрсеткіші 2 жасындада 160 балл құрады.  Анасы қызының үлкен есте сақтау қабілеті, қызығушылығы және керемет тапқырлығы бар екенін айтты. Өскен сайын Карина өзінің қасиеттерін дамытып, оның жасына сай келмейтін күрделі кітаптарды оқиды екен. Уақытының барлығы үйірмелерге және  оқу барысын  кетеді.