Саясат
Қазақ тіліндегі заңда қате өріп жүр
«Қазақ тіліндегі мәтінде қате өте көп анықталды. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында олар Сенат регламентінің 45-бабына сәйкес түзетілді. Заң жобаларын дайындауда тілдің тазалығы мен сапасына қатысты сындар аз айтылып жүрген жоқ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дайындаған осы Заңның бастапқы жобасына ғылыми-лингвистикалық талдау жүргізу барысында 422 қате анықталған. Бұған жай жағдай деп қарап, көңіл аудармай кетуге болмайды», - деді С.Еңсегенов.
Екінші оқылымда Заң жобасына Сенат 16 ұсыныс енгізіп, оны Мәжіліске қайта жіберді.
Азаттық рухы