Weekend
Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады
Қашан және қайда баруға болады
Өңірлер арасындағы жолаушылар тасымалы 31 наурыз күні тоқтатылған болатын.
Республика ішінде қатынайтын пойыздар қозғалысын екі кезеңде: 2020 жылдың 1 және 10 маусымынан іске қосу жоспарланып отыр.
Бұған дейін бастапқы кезеңде төмендегі бағыттар бойынша 54 пойыз жүретіні айтылған болатын:
Нұр-Сұлтаннан Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл / Қызыл ту, Орал, Жезқазған, Қызылордаға;
Алматыдан Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал, Петропавлға;
Қызылорда – Семей;
Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;
Қарағанды – Жезқазған;
Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары.
Жаңа ережелер
Вокзал ғимаратына билеті бар адам ғана кіргізіледі. Жолаушылар бетперде тағуы тиіс, жолсерік қолғап киіп жүруі керек.
Пойыз бригадасының қызметкері рейс алдында медициналық тексерістен өтуі шарт.
Пойызға отыру және шығу кезінде қашықтық сақталуы тиіс.