Weekend
Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтайын!
Неге орта соншалықты маңызды? Бірге талдап көрейікші! Менің ойымша, орта дегеніміз - сіз араласатын адам, көретін кино, оқитын кітап және инстаграмда оқитын адамдарыңыз деп ойлаймын.
Сіз нені көресіз, нені естисіз барлығы сізге әсер етеді. Егер өзіңізді дамытқыңыз келсе, өзіңіз секілді дамуға ұмтылған адамдармен ғана араласқаныңыз дұрыс.
Алайда жақын адамдарыңызға сен өзіңді дамытпайсың деп айтудың қажеті жоқ. Соңы жақсы болмайтыны белгілі ғой. Өзгерісті өзіңізден бастаңыз!
Дамуға ұмтылған адамдарды іздеңіз! Түрлі үйірмеге қатысыңыз, әр саладағы адамдармен араласыңыз, өзіңізге қызықты адамдарды зерттеңіз!
Ортаңыз өзгерсе, сізде де өзгеріс байқалады. Айналаңызда сіздің дамуыңызға себепкер адам көбейеді. Өзіңізден үздік адаммен араласу - сізді алға жетелейді.
Жетістікке жеткен тұлғалар студенттік шақта болсын, әйтеуір, қай кезде де мықты орта арқылы қалыптасқанын айтады. Өзіңізді өзгертуді ортаңыздан бастаңыз!