COVID-19
Әлемдік дағдарыс
Осы аптада CNN және басқа ақпарат агенттіктері азаматтық хал актілері мәліметі бойынша Мәскеуде сәуір айында өлім-жітімнің өскені туралы хабарлады.
Мәскеу денсаулық сақтау департаменті "Covid-19 дертіне шалдыққандар мен өлім құшқандардың санын төмендетіп отыр," - деген қауесетті жоққа шығарып, аталған індетке қатысты "мәліметтің барлығы ашық" деп жауап берді.
Мәскеу денсаулық сақтау басқармасы сәрсенбіде "Билік коронавирусты жұқтыру бойынша күдіктенгендердің 100%-ында аутопия жүргізді, сонымен бірге сәуір айында індеттің асқынуынан 639 адам көз жұмды," - деп мәлімдеме жасады.
Сонымен қатар департамент басшылығы сәрсенбі күні жасаған мәлімдеме бойынша "басқа жағдайларда коронавирусты өлімнің себебі ретінде қою мүмкін емес," - деп сәуір айында өлім-жітімнің төмендегенін хабарлады.
"Күдіктенген 60 пайыздан астам жағдайларда өлім альтернативті себептермен, мысалы, жүрек аурулары, қатерлі аурулар, лейкемия және басқа да аурулармен байланысты болды,"-делінген хабарламада.
Осы аптада CNN және басқа ақпарат агенттіктері азаматтық хал актілері мәліметі бойынша Мәскеуде сәуір айында өлім-жітімнің өскені туралы хабарлады. Осы айда қалада 11846 өлім тіркелді, бұл 9866 өлімнің он жылдық орташа деңгейімен салыстырғанда 20 пайызға жоғары.