COVID-19

Нұр-Сұлтанда коронавирус дертінің өсуі төмендеді

Соңғы екі апта ішінде індет санының артуы 4,4 пайызды құрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтандағы аталмыш дерт 20,5 пайызға төмендегені туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Кисикова хабарлады. 

Фейсбук желісіндегі онлайн-брифингте Кисикова "Жалпы алғанда, қалада сәуір айының соңғы он күнінде індеттің өсуі 5,3 пайызды құрады. Мамырдың соңғы 14 күнінде дерттің өсуі 4,4 пайызды құрады. Алғашқы аптада -4,9 пайыз, екінші аптада - 3,9 пайызды көрсетті," - деп хабарлады.