COVID-19

Нұр-Сұлтандағы карантинді жою кезеңдері анықталды

Эпидемиологиялық жағдай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келесі жеті күнде, оның айтуынша, індет деңгейі 5 пайыздан жоғары болмаса, карантиннен босатудың екінші кезеңі қолға алынады.

Әкімшілікте өткен брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Кисикова карантиннің жойылу кезеңдерін айтып берді.

"Біз бұған дейін де еліміздің бас санитарының айтуы бойынша жеті күн бойы вирусты жұқтыру 7 пайыздан жоғары болмаған жағдайда карантин режимін тоқтату жүргізілетінін айтқан болатынбыз. Соңғы көрсеткіш бойынша 8 мамыр күні дерттің өсуі 7,1 пайызды құрады. Сондықтан 9 мамыр мен 16 мамыр аралығында көрсеткіш 7 пайыздан аспаса, 16 мамырдан бастап каратиннен босату шараларының алғашқы кезеңі жүргізіледі," - деп хабарлады Кисикова.

Келесі жеті күнде, оның айтуынша, індет деңгейі 5 пайыздан жоғары болмаса, карантиннен босатудың екінші кезеңі қолға алынады.

"Кезекті келесі жетікүндікте дерт 2 пайызды құрайтын болса, карантиннің тоқтатылуы үшінші кезеңге көшеді,"- деп атап өтті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Кисикова.