Алматы
Құжат бойынша әзірге мына орындардың жұмыс жасауына тыйым салынған...
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин "Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды жүргізу туралы" 2020 жылғы 11 мамырдағы қаулыға қол қойды.
"Алматы аумағындағы карантин шаралары жалғасады. Карантин шараларының режимі мен уақыты covid-19 инфекциясының жайылуына байланысты өзгеруі мүмкін," - деп айтылған құжатта.
Құжат бойынша әзірге мына орындардың жұмыс жасауына тыйым салынған:
1) діни объектілер;
2) сауда, ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр, көрме, интернет және компьютерлік клубтар;
3) автовокзал, теміржол вокзалы, автостанциялар, қалалар мен аймақтар арасындағы жолаушылар тасымалы;
4) қоғамдық тамақтану орындары;
5) түнгі клуб, кальянхана;
6) монша, сауна, массаж салондары;
7) оқу орталықтары, үйірмелер, артклубтар;
8) мектепке дейінгі балалар орындары;
9) спорттық объектілер;
10) туризм;