Экономика

42500 теңге төлемақыны 3 миллион қазақстандық алды

Қолдау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ағымдағы жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша 2,9 миллионнан астам қазақстандық төтенше жағдай кезінде кірісінің жоғалуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42500 теңге көлемінде екінші төлем алды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқандығын мәлім етті. 

Онда бірінші төлем 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында жасалатындығы туралы айтылады. Екінші айда 16 сәуір мен 11 мамыр аралығында беріледі.

Жоғарыда айтылған мәлімдемелерге байланысты төтенше жағдай кезіндегі кірісті жоғалтуға байланысты төлемдер ережесі бойынша 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар 42500 теңге жәрдемақыны екінші рет те ала алады. 16 сәуірден 11 мамырдың 18.00 сағатына дейін өтініш берген азаматтар төлемақыны бір рет қана алуға мүмкіндігі бар.

Төтенше жағдай шараларының тоқтатылуына байланысты ағымдағы жылдың 11 мамыр 18.00 сағатында жәрдемақыға байланысты өтініштер қабылдау тоқтатылады.

Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен өтініштер төтенше жағдай кезіндегі кіріс жоғалуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде белгіленген шартарға сәйкес қаралып, азаматтарға 42500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалады және төленеді.