Спорт
Абдуманап Нурмагомедов сәуір айының аяғына қарай ауруханаға түсті
Аралас жекпе-жектің күрескері Хабиб Нурмагомедотың әкесі - жаттықтырушы Абдуманап Нурмагомедовтың өкпесі 75 пайыз дертке шалдыққаны анықталды.
Бұл туралы РБК-спорт порталына Нурмагомедовтер отбасының досы Рамазан Рабаданов хабарлады.
Ол қазірге дейін Мәскеудегі ауруханада жатыр. Өкпесінің 75 пайызына зақым келген, ол инсульт алды. Ол маневрден өтіп, комаға түсті, дәрігерлер оны комадан шығарды. Бірақ ол сөйлей алмайды, жағдайы тым ауыр. Бәріміз оның сауығып кетуін тілеп отырмыз, - деді Рабаданов.
Сәуір айының аяғына таман Абдулманап Нурмагомедов Дағыстан ауруханаларының біріне түскен болатын, ауруханаға жатқызу себебі анықталмады. Рабаданов жаттықтырушыға өкпенің қабынуы деген диагноз қойылғанын жеткізді. Кейінірек Абдулманап Нурмагомедовтың өзі жағдайы жақсарғанын мәлім етті.