Саясат

АҚШ Трампқа қарсы жаңа тергеуді бастады

Шағым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Конгресіндегі Демократтар Құрама Штаттар президенті Дональд Трамптың Мемлекеттік департамент шенеунігін қызметінен босатуына байланысты тергеуді бастады. 

Жұмыстан босатылған шенеунік Стив Линик мемлекет хатшысы Майк Помпео ісімен айналысып жатқан болатын. Линк шенеуніктің қол астындағыларға жасаған қысымына байланысты шағымдарды тексерген. 

Майк Помпео қол астындағы қызметкерлерді жеке істеріне байланысты, азық-түлік сатып алу және оның итіне күтім жасауға мәжбүрлеген болуы мүмкін. Тергеу барысында Демократтар Трамп әкімшілігінен Линиктің жұмыстан босатылуына байланысты құжаттар мен оның тергеуі туралы мәліметтерді беруді талап етті. 

Соңғы айда Линик Дональд Трамп қызметінен босатқан биліктің заңсыз іс-әрекетін зерттеген үшінші лауазыды тұлға. Экс-прокурор Линикті бұл лауазымға АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама тағайындаған болатын.