Weekend

Бейсен Құранбек өмірден өтті

Белгілі журналист қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 18 мамырда таңертең Бейсен Құранбек қайтыс болды. Өмірінің соңғы күндерін журналист Талдықорған қаласында өткізген.  

1971 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында туған Бейсен Құранбек "Спорт" газетінде, "Рахат", "31 арна", "Хабар" телеарналарында және Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.

2013-17 жылдары "Қазақстан" телеарнасында "Айтуға оңай" әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап "Қарекет" бағдарламасын жүргізген. Оның бағдарламаларында халықтың әлеуметтік мәселелері талқыланды, Бейсен Құранбектің өзі танымал тележүргізушіге айналды.